top of page
Газдандыруға және газды сатуға байланысты барлық мәселелер бойынша келесі мекен-жай бойынша байланыс жасаңыз  -  Шонжы ауылы, аль-Фараби, көшесі,  128  ғимараты, немесе төменгі ұялы байланыс нөмірлері бойынша хабарласыңыздар:
- Газ құбырларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі аға шебері - Саитов Ильхам Итахунович, 8 702 355 5783;
тел: 8 707 988 8578;
- Аумақ басшысы - Сасыков Эльмурат Бектемирович, тел: 8 700 404 0422.

    Құрметті Шонжы ауылының және Ұйгұр ауданының тұрғындары, «АЗИЯГАЗ ЧУНЖА» ЖШС ауылдағы газ тарату желілерінің тұтастығын сақтау үшін, Шонжы ауылының жеке көлік автомобильдер мен басқа да габаритті жүк көлік иелерін, көліктерін пайдалану кезінде, жол ережелерін бұлжытпай сақталуын және орындалуын еске салады.

    Шонжы ауылында газ құбыры іске қосылғаннан бері,қысыммен тұрған газ желілеріне зақым келтіру жағдайлары орын алған болатын.

    Газ құбырының зақымдануы өртке, жарылысқа немесе табиғи газдың шығарылуына байланысты басқа күрделі техногендық жағдайларға, сонымен қатар қоршаған ортаға орасан зор шығын әкелуі мүмкін, нәтижесінде тұрғындардың зардап шегуіне әкелуі ықтимал.

    Газ тарату желілерін бұзылған жағдайда кінәлі азамат, келтірілген залалдың толық құнын «АЗИЯГАЗ ЧУНЖА» ЖШС пайдасына өтеуге толықтай жауап беретіндігін ескертеміз, келтірілген шығынның құнын төлемеген жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы барлық мәліметтер сот органдарына жіберілетін болады.

    Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, біз Ұйғыр ауданының тұрғындары мен автокөлік иелеріне ауыл ішіндегі газ құбырына қатысты қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтауды сұраймыз.

    Құрметпен, «АЗИЯГАЗ ЧУНЖА» ЖШС.

   Құрметті «АЗИЯГАЗ ЧУНЖА» ЖШС-нің абоненттері,  мұржаға және желдету каналының актісін ұсынғаннан кейін және СИКЗ қондырғысын орнатқаннан   кейін газ құбырларына қосылу жүзеге  асырылатындығы туралы хабарлаймыз.

   Құрметті Шонжы ауылының тұрғындары, төлемдерді «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Homebank қосымшасы арқылы «АЗИЯГАЗ ЧУНЖА» ЖШС  келеси деректемесине KZ736010131000210480 ақша аудара аласыз.

   Төлемде келісімшарт нөмірін, сондай-ақ төлемнің негізін көрсетуіңіз керек - газдандыру немесе газды тұтынғаны үшін төлем немесе жобалық-сметалық құжаттама төлемі.

bottom of page